Наурыз құтты болсын

Наурыз құтты болсын

Наурыз құтты болсын

«Сапа Строй Сервис и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымы ұлтымыздың Ұлық мерекесі Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурызды қарсы алуға ерекше дайындықпен келді.

22 наурыз күні Теңіз қалашығында киіз үй тігіліп алып кенішті игеруге жұмыла ат салысып жатқан күрделі жұмыстар атқаратын іргелі мекемелерде қызмет жасап жатқан тапсырысшылар мен мердігер ұйымдардан арнайы шақырылған қонақтарға наурыз көжеден дәм татқызып, ұлттық тағамдардан мәзірленген дастархан жайылды. Құрт, ірімшік, шұбат, қымыз “Саяжан” шаруа қожалығында мерейлі күнге орай табиғи таза мал өнімдерінен дайындалуымен айрықшаланды.

Сондай-ақ күрестен, кір тасты көтеруден, білек күшін сынаудан өткен сайыс көпшілік көңілін шуаққа бөлеген көрініске айналды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шет елдік әріптестер қазақ халқының ғасырлар бойғы ұлттық – тарихи дамуында киіз үйдің алар орны туралы қажетті деңгейде мәлімет алды.

26 наурыз күні “ССС” ЖШС Венгр қалашығында ТШО біріккен кәсіпорнының ұйымдастыруымен өткен Ұлыс мерекесіне арнайы киіз үй тігіліп, қонақтарға арнайы ат арба дайындап желіге атан байлап, ұлттық ұстанымдардың насихатталуына сүбелі үлес қосты. Жайылған ақ дастарханнан 500 ге жуық жұмысшы – қызметкер дәм татты.

Наурыз көже үйге келгендерге түгелдей ұсынылды. Арнайы комиссия шешімімен “СапаСтройСервис и К” ЖШС тіккен киіз үй талапқа сай ұлттық негіздерде жабдықталуымен ерекшеленіп, безендірілуі мен ас мәзірінің табиғилығы ескеріліп, бірінші орынды жеңіп алып, арнайы бағалы сыйлыққа ие болды. Бұл ұжым мүшелерінің дамылсыз дайындығының жемісі, ұйымшылдығының жеңісі.

Ақ мол, Ұлыс Оң болсын. Баршаңызға бақыт, толағай табыс, ұлттық намыс тілейміз. Жеңіс көбейсін!